"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тағы бір шахтасында өрт шықты
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты тағы бір шахтада өрт шықты. Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасында болған өртке байланысты жұмысшылар эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Тез арада апатты жою жоспары енгізілді. Өрт ТЖҚБ бөлімшесінің күшімен жойылды. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда", - деді компания өкілдері.
Ал әлеуметтік желілерде тұрғындар түнде шахтадан сиренаның дауысы мен гуілі естілгенін жазып жатыр.
Еске салсақ, 17 тамызда" АрселорМиттал Теміртау "АҚ “Қазақстан" шахтасында өрт болды. Өрт кезінде шахтада болған 227 жұмысшының 222-сі жер бетіне тірі шығарылды. Бес адам жер астында қалып, қаза тапты.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін