Арменияның премьер-министрі отбасымен қоса коронавирус жұқтырды
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Никол Пашинян өзінің Facebook-тегі парақшасында өткен онлайн трансляция кезінде айтты.
"Мен коронавирусқа тест тапсырдым. Өкінішке қарай, менен коронавирус анықталды. Содан кейін отбасымның мүшелері де тест тапсырды, олардан да инфекция табылды. Бізде ауру белгілері жоқ, дене қызуы да қалыпты. Қазір барлығымыз оқшауландық. Үйде отырып жұмыс істеймін. Ол үшін барлық жағдай жасалған",- деп атап өтті Арменияның премьер-министрі.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін