Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арқалап апарған": Қырғыз қызына көмектескен қазақстандық спортшының видеосы желі қолданушыларын сүйсіндірді

Қазақстандық спортшы қыздың видеосы Қырғызстанда үлкен танымалдыққа ие болды. Қырғыз қызы аяғын жарақаттап алғанда қазақ қызы қонақүйге дейін арқалап кіргізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

коллаж спорт 2022

Моңғолияда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Қырғызстандық Айсұлу Тыныбекова финалда қарсыласынан жеңіліп, аяғын жарақаттап алады.

Осыған байланысты ол марапаттау рәсіміне қатыса алмайды.
Бейнежазба кадрларынан қазақстандық спортшының жарақат алған Айсұлуды қонақ үйдегі бөлмесіне дейін көтеріп алып бара жатқанын көруге болады.



Желі қолданушылары жазбаны астына жүздеген пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірген. Олар спорттың адамдарды біріктіріп, халықтар арасындағы достықты нығайта түсетінін атап өткен.

Талқылау