Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі сотқа түсті

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс "Байқоңыр" аудандық №2 сотқа түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арыстанбек

Мұхамедиұлы халықаралық көрме өткізу үшін бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. 

"Байқоңыр аудандық №2 соты бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасованы айыптау бойынша қылмыстық істі өндіріске алды. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы ашық сот отырысында 2023 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленген", – делінген хабарламада.


"Жындыханада 15 күн жаттым". Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған кикілжің туралы бар шындықты айтты


Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге.

Талқылау