Арабша жазуы бар Қазақстан туы Wildberries сайтында сатылымнан алынды
Wildberries компаниясы араб жазуы бар Қазақстан туларының сатылымнан алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: tiktok.com/@qara.myssyk
Әлеуметтік желіде қыздардың қолында Қазақстан туы бар сурет таралған еді. Онда тудың үстіне арабша жазу жазылған. Осы факті бойынша полиция мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғады.
Қазақстандықтар Wildberries платформасында осындай тулардың шамамен 5 мың теңгеге сатылғанын байқағаннан кейін, компания тауарды тексеруге кірісті.
"Тексеруден кейін бұл тулар платформадан бұғаттау туралы шешім қабылданды. Wildberries алаңда кез келген адал емес әрекеттермен белсенді күрес жүргізеді", – деп мәлімдеді маркетплейс.
Компания өз клиенттері, құқық иелері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өтініштеріне әрдайым жедел әрекет ететінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда Қазақстан туын өзгертіп, арабша жазулар мен қылыш бейнеленген нұсқасымен фотоға түскен қара киімді төрт қыз ұсталды. Полиция оларды анықтап, тергеу бастағанын хабарлады. Заң бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға 11,8 млн теңгеге дейін айыппұл, 900 сағат қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.