Әнші Жанар Хамитова көз жұмды
Бірнеше жыл өнерден алшақтап, биылғы жылы сахнаға қайта оралған әнші Жанар Хамитова көз жұмды. Бұл туралы журналист Анна Данченко мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сене алар емеспін... Иманды болсын!" - деп жазды журналист Instagram желісінде.
Жанар Хамитованың өнердегі әріптесі Әбу-Кай әншінің өлімі туралы қаралы хабарды растады.
"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабарды естіп, төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта Жанарға не болғанын сұрап қаншама хат келді. Мән-жайды анықтап, ағасына хабарластым. Өкінішке орай, сіздер де, мен де естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке, ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті, өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көремін, әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын! Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды әнші Instagram-да.
Тағы оқыңыз: "Осы уақытқа дейін 20 рет өзіме қол салмақ болдым": Әнші Жанар Хамитованың күйеуі дінге беріліп, талақ айтқан
Сонымен қатар желіде әншінің асылып қалғаны туралы ақпарат тарауда.
Қазіргі уақытта тиісті органдарға сауал жолданып, жауап күтілуде.
Жанар Хамитова неден көз жұмды: Полиция әншінің өлімін тексеріп жатыр.