Әнші Серік Ибрагимов ұлды болды
Танымал әнші Серік Ибрагимов үшінші мәрте әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik/
Өнер иесі бұған дейін бір ұл мен бір қыздың әкесі еді.
“Аллаға сансыз шүкір! Сүйінші! Мен үшінші рет әке атандым! Баршаңызға жұғысты болсын!
Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым! Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
Желі қолданушылары сүйікті әншісін құттықтап, сәбиге ақжарма тілегін жаудырып жатыр. “Құтты болсын!”, “Алла тілеуіңді берсін Сикош!
Ел тізгінін ұстайтын ер болсын!” деп жазып жатыр өнер иесінің тыңдарманы.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"