Әнші Мұқасан Шахзадаев Нұрлан Қонысбаевпен ара қатынасы туралы ашық айтты
Көпшілікке “Нұр-Мұқасан” тобы арқылы танылған Мұқасан Шахзадаев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында топтың тарап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/mukassan_shakhzadayev/nurlan_konysbai
Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан” тобының қайта құрылып, сахнаға оралуы мүмкін бе?” деген сауалға жауап берді.
“Нұр-Мұқасан тобының құрылғанына 33 жыл толды. Қазір Нұрлан жеке шығармашылықпен айналысуда, мен өз алдыма бөлек кеттім. Бірақ кім біледі, өмірде бәрі мүмкін. Оны уақыттың еншісіне қалдырайық. Әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерде көргендеріңіздей, көргенде құшақтасып, амандық сұрасамыз, сәлеміміз түзу”, – дейді Мұқасан Шахзадаев.
Өнер иесі 33 жыл Нұрлан Қонысбаевпен шырқалып келген ән жинақты қалай бөліскендерін баяндады.
“Әндерді бөлетін ештеңесі жоқ. Нұрлан екеуіміз қай әнді айтқымыз келсе, сол әнді шырқаймыз. Онда ешқандай шектеу жоқ. Шектеу болса қатігездік болады.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті