Әнші Анара Батырхан үйлі болды
Белгілі әнші, актриса, блогер Анара Батырхан әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/anarabatyrkhan
Өнер иесі баспаналы болғанын айтып, оқырманнан сүйінші сұрады.
“Құттықтасаңыздар болады, Анар қыздарыңыз үйлі болды! Аллаға сансыз шүкір. Жандарым сол, баршаңызға рахмет! Сіздерге де жұғысты болсын, әр комментты оқып отырмын”, – деп жазды блогер.
Анара Батырхан желіде зәулім тұрғын үй мен пәтерінің кілтін көрсетті.
“Үйіңіз құтты болсын”, “Жұғысты болсын”, “Берекелі үй болсын”, “Қоныс құтты болсын”, “Баспанаң құтты болсын Анаржан, іші құтты болсын. Шексіз қуаныштымын”, – деп жарыса жазды желідегілер.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды