Анасы аяусыз ұрған 3 жасар бала есін жимастан көз жұмды
Комаға түскен 3 жасар бала емханада көз жұмды.
Қырғызстанның Ош қаласында 3 жасар бала 11 ақпан күні емханада мерт болды. Елдің Денсаулық министрлігінің мәліметінше, 5 ақпан күні 24 жастағы әйел өз ұлын аяусыз ұрып, кейіннен емханаға әкелген. Ол баласының сатыдан құлап қалғанын айтып сендірген. Алайда бүлдіршіннің бас-ми жарақатын алғаны, бүйрегі мен бұғанасы сынғаны анықталды.
«Дәрігерлер тиісті ем жүргізгенімен бүлдіршін 11 ақпан күні көз жұмды. Оның басы қатты жарақаттанған», – деп мәлімдеді министрліктегілер.
Анасы қамауға алынған соң сәби қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының қарамағында болды.
Тағы да оқыңыз:
Ғалымдар парацетамол дәрісінің қандай қаупі бар екенін тізіп берді
Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)
Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)