Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анар Батырханға бейтаныс жігіт тікелей эфирде ұсыныс жасады (видео)

Тележүргізуші әрі актриса Анар Батырхан тікелей эфир кезінде күтпеген жайтқа тап болды. Бойжеткенді сырттай ұнатып жүрген жігіт Ақтаудан арнайы ұшып келіп, ұсыныс жасады.

Анар Батырханға бейтаныс жігіт тікелей эфирде ұсыныс жасады (видео)

Мұндай ерекше оқиға Qazaqstan арнасының «Шаңырақ» бағдарламасында орын алды, деп жазады Stan.kz.

Бағдарламаға шақырылған Анар Батырхан студияға анасымен бірге келді. Осы кезде студияға гүл ұстаған жас жігіт өлең оқып кіріп, бойжеткенге сезімін білдірді.

Белгілі болғандай, ол актрисаның бағдарламаға келетінін біліп, Ақтаудан арнайы ұшып келген.

«Анар, мен сізге бұрыннан ғашықпын. Бағдарламаға келетініңізді біліп, сонау Ақтау қаласынан ұшып келіп отырмын. Анаңыздың, ұстазыңызды, әріптесіңіздің алдында сіздің қолыңызды сұрауға келдім. Маған тұрмысқа шығуға келісесіз бе?» – деген жас жігіт тізерлеп отырып ұсыныс жасады.

Мұндай жағдайды күтпеген Анар ыңғайсызданып қалып, бейтаныс жігіттен орнынан тұруын сұрады. Ал актрисаның анасы қызына «сақинаны қабыл ал» деп кеңес берді.

«Тікелей эифрде бұлай келіп ұсыныс жасау маған жат нәрсе. Араласайық, білісейік. Сізге сақинаңызды қайтара тұрайын. Ал гүлді алып кетейін», – деген актриса ұсынысты қабыл алмады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SHAŃYRAQ (@shanyraq_tv)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау