Әміре Ерке Есмаханмен не байланыстыратынын айтты
Көпшілік Әміре деп танитын қазақстандық Ернар Садырбаев "Голос" шоуында үшінші орын алуына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ әнші өнерге деген көзқарасы мен әріптесі Ерке Есмаханмен байланысы жайлы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Соңына дейін жеттім. "Голостың" барлық кезеңдерінен өттім. Әр кезеңде жеңдім. Финалда барлық үш әнді орындадым. Өзімнің мықты және әлсіз тұстарымды білемін. Мен өзімді жеңдім", – деп жауап берді оған Әміре.
Өнер иесі музыканың өмірінде қандай орын алатынын айтты.
"Музыкадан өмірімнің мәнін жасамаймын. Бірақ маған берілген қасиетті бағалаймын. Бұл туралы әлі сөйлесеміз. Мен үшін өмір деген сенім мен ұғыну. Ұғынудың өзі сенім", – деді Әміре.
Соңғы кездері желіде Әміре мен Ерке Есмаханды жұптастырып жүргендер жетерлік. Жұлдызды жұптың жақында жарыққа шыққан "Бірге" атты әні көптің көкейіндегі жүрген күдікті одан сайын үдете түсті. Әміренің айтуынша, Ерке екеуінің арасында тек қана "ән бар".
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр