Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық археологтар Мысыр пирамидаларының басты құпиясын ашты

Америкалық археолог Марк Ленер бастаған бір топ зерттеуші Хеопс пирамидасының құрылысы барысы суреттелген ежелгі папирусты тапты.

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Табылған құжатта мысырлықтардың 2,5 тонналық әктастар мен граниттер блогын 800 шақырым жерден қалай тасымалдағандықтарының құпиясы ашық көрсетілген.

Автор мысырлықтардың Нил өзенін бұрып Гиза үстірті арқылы қалай жасанды су арнасын жасағандығын жазады. Құрылысшылар материалдарды тасымалдау үшін арқандармен байланған ағаш қайықтарды пайдаланған.

Оған блоктарды орналастырып, су арнасы арқылы пирамиданың түбіне дейін жеткізген. Мұнымен қатар, Хеопс перғауынның билігінің сән-салтанатын білдіретін қайықтың да қаңқасы табылып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Якутияның ең бай депутаты 13 млн рубльге түскі ас ішті

Баскетболшы қоян әлемдік рекорд орнатты

Үңгірде үш күн түнеген жігіт өлмес үшін қабырғаны жалаған

37 жастағы ана балаларын асырау үшін қолтырауынды өлтірді

Талқылау