Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Елімізге танымал әнші Алтынай Жорабаева өзінің не себепті ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Сөзіне сенсек, ата-енесімен бірге тұрмауына жолдасының экс жұбайы Айгүл Иманбаеваның қатысы жоқ.

image

Фото: aport-tv.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Айгүл Иманбаева 18 жасында Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шығып, Асылжан есімді ұлды дүниеге әкелген. Бүгінде сөздері жараспаған қос ғашық тек әріптестер болып қалған. Бұдан кейін Әбдіхалықов Алтынай Жорабаевамен отау құрады. Бүгінде төрт қыз тәрбиелеп отырған Алтынай ата-енесімен бірге тұрмайды екен.

Алтынай журналистің “Ата-енеңізбен бірге тұрмауыңыздың себебі не? Бұған Айгүл Иманбаеваның қандай қатысы бар?” деген сұрағына арада еш кикілжің болмағанын айтып жауап қайырған.

“Енем “Айгүл үйге келіп жатып алып немесе асты-үстіме түскен жоқ” дейді. Оның да өзім сияқты болғанын айтады. Бұл жерде Сәбит екеуінің ара-қатынасы дұрыс болмаған ғой”, – дейді Жорабаева.

Әнші енесімен бірге тұруға кетәрі емес екенін айты. Оның айтуынша, енесінің өздерінің үйреніп қалған жерінен қалаға көшіп келгісі жоқ.

“Біз өнер саласында жүргендіктен, ол кісілер бізге келмейді. Олар өздері тұрып жатқан жерге үйреніп қалған. Ал Шымкентте біз тұра алмаймыз. Бұл шығармашылығымызға кедергі келтіреді. Мұнда ешқандай да қиындық жоқ. Қандай жағдай болмасын түсінісуге болады ғой”, – деп әнші бүгінде тату-тәтті өмір кешіп жатқанын тілге тиек етті.


Оқи отырыңыз:

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Қазақ эстрадасының жұлдыздары бет терісіне қалай күтім жасайды (фото)

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым

 

Талқылау