Алты ай бұрын босанған Айсәуле Бақытбек мінсіз мүсінін көрсетті
Шетелде демалып келген Айсәуле Бақытбек купальникпен түскен суретін жариялады. Қыз-келіншектер осыдан жарты жыл бұрын босанған блогердің мінсіз мүсініне қайран қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Келесі жолы тон киіп шомылуға уәде беремін", - деп мысқылдады ол.
Желі қолданушыларының бір тобы жаңа босанған ана үшін Айсәуленің дене мүсіні мінсіз екенін айтса, екінші топ ашық суретті жариялаған блогерді аяусыз сынға алды.
"Бүкіл елге көрсеткеннің еш жақсылығы жоқ", "Қазақ қайдан боламыз? Тіпті де ұят, жақсы ештеңе жоқ па? Барлық халыққа қарнын көрсетіп", - деп жазды оқырмандар.
Есесіне жақында абақтыдан шыққан әкесі Айсәуленің бұл әрекетін қолдайтын секілді. Ол қызының суретіне тамсанып тұрған белгі қалдырған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі