Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ХҚКО қызметкері 25 литр қан тапсырды

Алматыдағы Алмалы ауданының ХҚКО департаментінің №1 бөлімінің маманы Динара Тұрғалиева адамдарға тек мемлекеттік қызмет көрсетіп қана қойған жоқ. Ол 10 жыл бойы тұрақты түрде қан тапсырып келеді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сурет: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Республикалық қан орталығының маманы Гүлсара Хабиқызы Динара туралы жағымды ойымен бөлісіп, оның 2011 жылдан бері орталықта донор болып жүргенін айтты.

«Өткен жылы 14 маусым донор күнінде Динара «Сенімді донор» номинациясы бойынша марапатталды.  Шұғыл жағдайларда тромбоциттерге мұқтаж боламыз. Оны кез-келген адам тапсыра алмайды. Осындай жағдайларда Динара бізге бірнеше рет көмектесті. Ол біздің орталықтың доноры болғанына мақтанамыз», – дейді Гүлсара Хабиқызы.

Ал мемлекеттік корпорациядағылар Динара Тұрғалиева 2009 жылдан бері қызмет етіп жүрген ХҚКО-да оны жақсы көретіндерін және бағалайтындарын айтты.

«Ол – үздік мамандардың бірі. Сондай-ақ, ол бөлімнің қоғамдық өміріне белсене атсалысады. Динара спортпен шұғылданады және салауатты өмір салтын ұстанады. Үнемі еліміздегі және шетелдердегі түрлі марафондарға қатысады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері.

Сонымен қатар Динара «Бауыржан» қайырымдылық қорына ерікті ретінде тіркелген екен.

Оқи отырыңыз:

Танымал журналистер Беларусь еліне алтын әперген қазақ қызына сый беруді ұсынды

Ақтөбеде құқық қорғаушы ақыл-есі кем балаларға жәбір көрсетілетінін жайып салды

Атырау облысының экс-әкімі жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

Шахтинскіде жасөспірім өртеніп жатқан үйден алып шыққан жігіт көз жұмды

Талқылау