Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісін ұрды: Іске қатысты жаңа мәлімет

Алматыда жедел жәрдем көлігінің егде жастағы жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы Әли Демір жәбірленуші Николай Кучмаға материалдық өтемақы төледі. Бұл туралы зардап шегушінің қорғаушысы Андрей Диденко өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматыда Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісін ұрды: Іске қатысты жаңа мәлімет

Ал соққыға жығылған Николай Кучма Алмалы аудандық соты мен Алматы қаласы Алмалы ауданының прокурорына айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы жазбаша мәлімдеме жасаған.

«Сотталушы істеген ісіне қатты өкінгенін және сол күнгі әрекетін жөнсіз, лайықсыз санайтынын айтты. Сондай-ақ, ол барлық жедел жәрдем қызметкерлерінен және осы оқиғаға бей-жай қарамаған барлық қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ал соққыға жығылған Николай Григорьевич оның кешірімін қабылдады. Сонымен қатар, сотталушының әйелі мен кішкентай сәбиі болғандығы ескерілді», – деп жазды жәбірленушінің қорғаушысы өзінің Facebook парақшасында

Дегенмен қорғаушының айтуынша, екі тарап келісімге келгенімен соңғы шешімді сот қабылдайды екен.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте полиция қызметкерлері жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматын ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алған болатын. Бірақ, кейінірек айыпталушы кепілмен босатылды. Ал, кейіннен соққыға түскен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің қорғаушысы Түркия азаматына қатысты қозғалған істің сұйылып бара жатқанын мәлімдеген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау