Алматы облысында полицей көлігіне дәрет сындырды деп күдіктелген жігіт ұсталды
Алматы облысында полицейлердің көлігіне дәрет сындырған азаматтың кі екені анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Күдікті Капшағай қаласының маңындағы Шеңгелді ауылының 1989 жылғы тұрғыны болып шықты. Оның ісі бұзақылық әрекет бойынша қарастырылып жатыр.
“1989 жылғы азамат полицейдің көлігіне дəрет сындырмаған. Тек сондай көрініс жасап, суретке түскен”, – деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекова. Ерсі қылық жасаған азамат өз түсініктемесінде бұл əрекетіне “солай жасау қажет болды, жасадым” деп айтқан.
Бұған дейін желіде жігіттің полицей көлігіне шығып ерсі әрекет істеп тұрған сәті жарияланып кеткен еді. Желіде ол көлікке дәрет сындырып тұр деп жазылған.
Тағы да оқыңыз:
Ораза айтта әр мұсылман атқаруы тиіс 6 амал
Алматыда полицейлер бір автобус толы Иегова куәгерлерін ұстады
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды