Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Алматы облысының Талғар қаласында Нина Калимова есімді сатушы қыз қару кезенген ұрының өзіне тойтарыс берген еді. Полицейлер сатушыға ноутбук сыйлады.

1750183

Компьютерді облыстық полиция басшысы, генерал-майор Мұрат Ұрымхановтың өзі келіп арнайы тапсырды.

Азаматтарымыздың жомарттығы ғана емес, өз мүлкі үшін күресе білетін батылдығы да көңіл қуантады. Осы оқиғаға қатысты ұрыны да ұстады. Нина Дмитриевнаның батылдығы ер жүректіліктің үлгісі», – деп атады Алматы облыстық ІІБ басшысы Мұрат Ұрымханов.

Алматы облысы Талғар қаласындағы супермаркеттердің бірінде орнатылған бейнекамераға қарулы ер адамнан тайсалмаған өжет сатушының әрекеті түсіп қалыпты. Бейнежазбадан көргеніңіздей, ер адам кассаға жетіп келіп, аңшы қаруын сатушы әйелге кезенеді. Алайда, әйел адам бір сәтке ойланбастан, қылмыскерге тап берген.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық ғалымдар латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын әлдеқашан жасап қойған

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Астанада 1 жасар бала қытай медицинасымен емделгеннен кейін қайтыс болды

Талқылау