Алматылықтарға 11 сәуірге дейін қар көшкіні жүруі мүмкін екені ескертілді
Төтенше жағдай департаменті туристер мен демалушыларға қар көшкінін болдырмас үшін қарлы беткейлерге шықпауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com
11 сәуірге дейін Алматыда қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
“9-11 сәуірде қардың еруіне және тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталады”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай департаменті “Қазгидрометтің” дауылды ескертуін негізге ала отырып.
Төтенше жағдай департаменті туристер мен демалушыларға:
- Қар көшкінін болдырмас үшін қарлы беткейлерге шықпауға;
- Таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Шымбұлақ маңында қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты
Еске салайық, 23 наурызда Алматы облысында қар көшкіні жүріп, жолдар жабылған еді.
Батыс Қазақстанда әлем чемпиондарын ешкім күтіп алмаған: Бапкер елге қайту үшін несие алған
Спортшылардың жарысқа баруына қажетті қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы өз қалтасынан төлеген
Қазақстандық әйел ЖСН-інің ашық жарияланғанын анықтады: Сайттар жеке деректерді келісімсіз жариялай ала ма
Осы жағдайға байланысты министрлік жауап берді