Алматылықтар өзеннен жаңа туған нәрестенің денесін тауып алды
Жаңа туған нәрестенің денесін Алматы қаласының Түрксіб ауданының тұрғындары тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнде Словакия көшесінде болған.
"Кеше түнде біздің көшеде жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Анасы әлі табылған жоқ. Оқиға сағат 22:30 шамасында болды", - деген жергілікті тұрғын.
Оның айтуынша, мерзіміне жетіп туылған бала өзеннен табылған.
"Бұл жағдай кеше түнде болды. Учаскелік полиция мені шақырып алды, біз түнгі үшке дейін көшеде болдық. Таңертең полицейлер ауданды аралай бастады. Бірақ әзірге бәрі нәтижесіз, анасын таба алмай жатыр. Оны көлікпен өзенге әкелген болуы мүмкін", - деді әйел.
Алматы полициясы өзен арнасында жаңа туған баланың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"