Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде полицейді тірі қалқан ретінде пайдаланған
Алматы полициясының метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған. Тіпті бұзақылар оны тірі қалқан ретінде пайдаланған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Формамды алып, өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай – Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды”, – деді тәртіп сақшысы.
Бұзақылар полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған. Асыл Дүйсембековті әріптестері құтқарып қалған.
“Әріптестеріме рақмет. Қазір сол кісілердің арқасында аман-сау отырмын. Барлығымыздың анамыз бар. Оларға да оңай емес екен өз баласын соққыға қалғанын көрген”, – деді ол.
- "Полицейлер ұрлық жасаған": Алматы әуежайдағы дүкенді тонағандардың видеосы тексеріліп жатыр
- Айқайлап, таяқтарын сермеді: Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге арналған түсірілім алматылықтарды шошытты
Асыл Дүйсембеков ішкі істер органдарындағы қызметке әке жолын қуып келген. Полицей алдағы уақытта да өз міндетін атқарып, жұмысын жалғастыруды көздейді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"