Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы хостелдің өртке дейін қандай күйде болғаны көрсетілді (фото)

Бүгін таңертең Алматыдағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Өртке дейін қонақүй үй-жайлары қандай болғаны көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2GIS қосымшасында Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайында орналасқан Almaty Hostel-дің рейтингі жоғары болған, бірақ өрттен кейін көрсеткіш бірден 4,3-ке дейін төмендеді.

Фото: 2gis.kz

Бөлмелерде көбіне екі қабатты кереуеттер болған.

"13 адам қайтыс болды. Фотосуреттерден мұндағы адамдардың қандай өмір сүргені анық көрініп тұр. Тіпті терезелер де жоқ, бәрі тығыз орналасқан. Әрине, түтіннен жол табу мүмкін емес. Қаза болғандарға жаным ашиды. Мұндай орындарда жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілуі керек", "Мәселе жатақханада ғана емес, студенттерге тұратын орын мүлде қарастырылмаған", – деп жазды желі қолданушылары.

Фото: 2gis.kz

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесі жатақханаға айналдырылған. 

Фото: 2gis.kz

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. Өрттен кейін республикалық комиссия құрылды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен Алматыға келеді.

Талқылау