Алматыдағы бизнес орталықта өрт шықты (видео)
Алматыдағы бизнес орталықта өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматыдағы өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жазбадан әйелдің айқайы естіледі.
"Кәусар" тұрғын үй кешенінде бизнес орталық өртеніп жатыр", - деген дауыс естіледі.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің Алмалы ауданында болғанын хабарлады. Ол 15 минуттың ішінде сөндірілді.
"Сағат 12.27-де Төле би 286/4 ғимаратына өрт сөндіру топтары келді, алты минуттан кейін төрт қабатты үйдің үшінші қабатындағы кеңсе ғимаратында өрт болғаны анықталды. Өрт кезінде ғимаратта адам болған жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған