Алматыдағы барахолкада екі қабатты қоймадан өрт шықты (видео)
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда Алатау ауданына қарасты базар қоймаларының бірінде өрт шығып, сөндіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
"Осы сәтте Алматы қаласының құтқарушылары Алатау ауданындағы қоймалардың біріндегі өртті сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", – делінген министрліктің хабарламасында.
Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды.
Қазіргі сәтте әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті.
Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, былтыр да Алматыдағы "Жетісу" базарында өрт шыққан еді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 18 сәуір күні кешкі уақытта болған. Сағат 19:10 шамасында бөлімнің күштері мен құралдары Жетісу базарына шақыру разряды жеткізілді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен