Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті: Сағынтаев тапсырма берді
Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі алғашқы тапсырмасын жариялады. Тапсырма апатқа ұшыраған жолаушылар автобусына қатысты болды.

Сағынтаев қалалық полиция департаментіне тапсырма берді.
1 шілде күні Алматының Райымбек пен Сайын көшесінің қиылысында автобус көпірден жанына қарай құлап кетті. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.
"Мен Райымбек даңғылы мен Сайын көшелерінің қиылысында жазатайым оқиғалардың себептерін шешуді тапсырдым. Алдағы уақытта қалада жол қауіпсіздігінің мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырамын", - деп жазды оңтүстік астананың жаңа әкімі әлеуметтік желіде.
Көліктің жүргізушісінің айтуы бойынша, ол ылғалды жолда көлікті басқара алмай қалған.
"Бұл факті бойынша қазіргі уақытта Алатау ауданды ПБ тарапынан тергеліп жатыр Апаттың нендей себеппен болғаны анықталады. Сараптама тағайындалады", - деп хабарлады алматы қалалық полиция департаменті.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”