Алматыда жедел жәрдемнің 21 қызметкері коронавирус жұқтырған
Алматыда жедел жәрдемнің 21 қызметкері коронавирусқа шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
Бүгінгі күні "Жедел жәрдем" КМК диспетчерлік бөлімінде 17 дәрігер мен 155 диспетчер қызмет атқарады екен.
"Профилактикалық шара барысында диспетчерлік бөлімнің 17 қызметкерінде, 4 дәрігерде COVID-19 тіркелген. Қазір олардың барлығы емделіп жатыр. Барлығының ауруы жеңіл өтуде. Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 27 жақын байланыста болған адам анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса басқарма өкілдері қалалық жедел жәрдем штаттық режиміде жұмыс істеп жатқанын ескерді.
Медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыруына байланысты қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті эпидемиологиялық тексеруді бастап кеткен.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”