Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем фельдшері басынан жарақат алған оқушыны көшеде тастап кеткен

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басынан жарақат алған баланы көшеде тастап кеткен. Бұл туралы оның анасы мәлімдеді. Оның айтуынша, фельдшер басын мұзға ұрған жасөспірімді қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген, бірақ кәмелетке толмаған баланы ата-анасыз қабылдаудан бас тартқаннан кейін фельдшер оны көшеде қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел Facebook парақшасында жазуынша, оқиға 16 қаңтарда 14 жасар ұлы Алматыдағы Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағындағы мұз айдынында жүрген кезде болған. Әйел баласының қасында болмаған. Оның достары баланың құлап, басын ұрғанын, салдарынан ішінара есінен айырылып, бағыттан шатасқанын айтқан. 

Куәгерлер жасөспірімге жедел жәрдем шақырған.

"Досының айтуынша, келген фельдшер алдымен ұлдарға жалған қоңырау шалғаны үшін айыппұл салатынын айтып қорқытқан. Ал бала қанға боялған, тіпті киімін ауыстыруға тура келді. Жараны көрмеу мүмкін емес. Жедел жәрдем балаларды алып кеткен, бірақ оларды қандай да бір себептермен балаларға емес, ересектерге арналған 12-ші қалалық ауруханаға апарған

Ұлым әрі қарай не болғанын толық есіне түсіре алмайды, бір жерге апарғанын, ЖСН алғанын біледі, болды. Содан кейін оларды аурухананың ауласындағы көшеде қалдырған. Досыныңайтуынша, оларды 15 жасқа толмағандықтан қабылдамамаған, ал фельдшер балалар ауруханасына баруға кеңес берген",  - деді жасөспірімнің анасы.

Әйелдің айтуынша, ұлдарда ақша мен телефон болмаған, ал досы жәбірленушіні үйге жаяу алып келген. Ол балалардың ұзақ жол жүргенін атап өтті.

"Әрине, біз дереу жедел жәрдем шақырдық, ол жедел көмек көрсетті және ұлымды дереу №1 балалар ауруханасына жеткізді, онда жарақатты таңып, ауруханаға жатқызды. Ол әлі күнге дейін сол жақта емделуде. №1 балалар ауруханасының дәрігерлеріне шағымым жоқ, тек алғыс", - деп жазды ол.

Әйел полицияға алтыншы қосалқы станцияның фельдшерінің үстінен арыз жазған.

Жедел жәрдемнің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Аталған факті бойынша құжаттар мен барлық деректер жиналды. Фельдшер тәртіптік кеңеске жіберілді. Тәртіптік кеңестің нәтижелері мен шешімі ертең жарияланады",-деп хабарлады Алматы қалалық ЖМЖС баспасөз қызметі.

Талқылау