Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің сөздерінше, батысқа қарай жүріп келе жатқан Toyota Camry Gracia көлігі Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығынан өткен соң Chevrolet Tracker көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota жолдан шығып, жарнама тақтайының бағанына соғылды.
Жол-көлік оқиғасынан бір жолаушы мерт болды. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Зардап шеккендерді көліктен шығару үшін Алматы қаласы құтқару қызметі арнайы құрылғыны қолданған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды