Алматыда тәркіленген есірткіні қайта сатты деп күдікпен полиция қызметкері ұсталды
Алматыда тәркіленген есірткіні полиция қызметкері қайта сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KazTag сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі есірткіні қайта сатты деп күдікпен ұсталды.
"2 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі айналымы бойынша Алматы облысы ПД-мен бірлесіп, аға жедел уәкілді ұстады", – деп хабарлады ПД.
Осы факт бойынша ҚК 297-бабының 3-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"