Алматыда самокатымен төрт жасар баланы қағып, қашып кеткен жігіт ұсталды
Алматыда ер адам самокатымен төрт жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көп ұзамай полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 1997 жылы туған азамат. Ол - Алматы облысы, Іле ауданының тұрғыны.
"Ер адам өзінің кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қаққаннан кейін, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Сондай-ақ самокат жүргізушісі қасында оның сүйіктісі - 2000 жылы туған азаматшаның болғанын айтты. Сот ісін жүргізудің осы сатысында Б. есімді азаматқа ҚР ӘҚбК-нің 615 бабы, 2 бөлігі ""Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан қозғалыс қағидаларын бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды