Алматыда өртенген жер үйден ерлі-зайыптылар құтқарылды
Алматыда «Атамекен» шағынауданында жер үй өртеніп кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖД-не сілтеме жасап.

Сағат 22.38-де кезекші бөлімге жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Бірнеше минуттан соң оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды бір сағатта өшірді.
Өрттен 1964 және 1968 жылғы ерлі-зайыптылар құтқарылды. Өрт 450 шаршы метр жерді қамтыған.
Еске сала кетейік, Алматыда лак өнімдерін өндіретін қойма өртенген болатын. Жалынды сөндіру үшін арнайы екі түкұшақ келген. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер жалынмен жеті сағат бойы арпалысты.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды