Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тікұшақпен сөндіріп жатыр: Алматының Жетісу ауданында қойма өртенді (видео)

Алматыдағы Жетісу ауданында қойма өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, қызыл жалынды ауыздықтау үшін тікұшақпен су шашып жатқаны белгілі болды. 

«18 шілде күні таңғы сағат 07.45-те Алматы қалалық төтенше жағдай департаментіне Жетісу ауданы, Омаров көшесінде қойма өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Жалынды сөндіруге 15 техника және 43 өрт сөндіруші жұмылдырылды», – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Талқылау