Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушы қызды аяусыз ұрып-соққандар айыппұлпен құтылып кетті

Алматыда топ қыз мектептегі құрбысын аяусыз ұрып-соғып, болған жағдайды видеоға түсірген. Оқиға 8 наурыз күні болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, жәбірленуші құрбыларымен сауда орталығына барып, мектептегі таныстарымен кездескен. Араларында жанжал туындап, соңы қатыгездікпен аяқталған.

Сегіз жасөспірім қыз жәбірленушіге тап беріп, оның бетінен ұрып, шашын жұлып, кастетпен қорқытқан. Қыздың анасы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап етті. Алайда шабуылдағандардың біріне тек 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Анасы бұл жазаның тым жеңіл екенін айтып, төбелеске қатысқан қыздардың бірін тәртібі нашар болғаны үшін шығарылған арнайы мектепке қайтаруды талап етті.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын, барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын және олардың ата-аналары жауапқа тартылғанын хабарлады. Істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайтын болады.



Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі Оралда жасөспірімдер қызға әлімжеттік көрсетіп, шабуыл жасағанын мәлімдеді. Орал қаласында әскери бөлімнің 5517-сарбаздары патрульдеу кезінде көмек сұраған айғайды естіп, дереу оқиға орнына жетті. Әскерилер қызға жасөспірімдердің әлімжеттік жасап жатқанын көреді. Ұлттық ұлан сарбаздары бірден әрекет етіп, екі агрессивті жасөспірімді ұстап қалған.

Талқылау