Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда митингтерді өткізу орындары өзгертілмек

Алматы мәслихаты шешімінің жобасында митингілерді өткізу орындарын өзгерту ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com

Жобада орындарды өзгертудің негізгі мақсаты адамдар қауіпсіздігі екені айтылған.

"Қызметтегі адамдар тобының жақын орналасуы әсер етуі мүмкін аумақтар мен объектілердің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандандырылған орынды Шоқан Уәлиханов атындағы скверден Амангелді Иманов атындағы скверге ауыстыру қажет", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Шевченко көшесі бойынша шеру маршрутының орнына Жамбыл көшесі Гагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейінгі жаңа маршрутты бекіту жоспарланып отыр. Билік ұсынылған маршрутта кептелістің аз екенін және көлік ағындарына айтарлықтай шектеулер болмайтынын жеткізді.



Сонымен қатар Sary-Arka кинотеатрының артындағы алаңның толымдығын 500-ден 1000 адамға дейін өзгерту ұсынылған.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді.

Талқылау