Алматыда матч кезінде төрешіні соққыға жыққан: Полиция қылмыстық іс қозғады
“Пионер” футбол клубының ойыншылары әуесқой J-лига матчы кезінде төрешіні соққыға жықты. Төреші полицияға арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Оқиға "Pioneer" және "Eric-Son" командаларының матчы кезінде болған.Төреші қорғаушы Әлихан Тілековке қызыл карточка беріп, ойыннан шығарып жіберген, содан кейін төбелес басталды.
Төреші осы сәтті видеоға жазып алып, полицияға арыз жазды.
"Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталғанын хабарлайды. Қазір Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мән-жай анықталып жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда матч кезінде төреші соққыға жығылғаны айтылды.
Қазақстандық қыз Happy Cake-ке жұмысқа орналасып, 11 сағат істеген алайда оған жұмыс ақысын төлеуден бас тартқан
Қызметкер: “Жұмыс жағдайы құлдықпен тең"
"Айналадағылардың қабағына қарауға мәжбүрміз": Қазақстандық ата-аналар қоғамдық орындардағы балаларға деген қарым-қатынасқа наразы
Ата-аналар бұл туралы әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр