Алматыда лай көшкіні жүріп, жолды басып қалды
17 сәуір күні Алматының Медеу ауданында тағы да лай көшкіні болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, лай көшкінінің көлемі 60 текше метрді құраса, массасы 5 текше метрге жуық. Лай көшкіні жолды басып қалған.
“Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмыс істеуде", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған құрылыстың кесірінен лай көшкіні болғаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған