Алматыда қызы мен анасын көлік қағып кетті: 9 жастағы мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болды
Алматыда жантүршігерлік көлік апаты болды. Жол апатынан тоғыз жасар мектеп оқушысы көз жұмды, ал зардап шеккен анасы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.
Қыз оқиға орнында жантәсілім еткен. Әйел дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Оқыс оқиға күндізгі уақытта қаланың тұрғын ауданында болған. “Кроссовер” жүргізушісі жолдан супермаркетке қарай бұрылып келе жатқан. Осы кезде оған қарай келе жатқан көлік қатты жылдамдықпен басқа көлікке соғылады.
Жүк көлігі Алматы облысындағы тауында шатқалға құлап кетті: Бір кісі қаза тапты
Соққыдан “седан” айналып кетіп, анасы мен қызы кетіп бара жатқан тротуарға шығып кеткен. Қызымен келе жатқан әйел шетке ұшып кеткен. Көлік жолға қайта шығып, қарсы жолақта автобуспен соқтығысқан. Бұл көліктердің жолаушылары мен жүргізушілері зардап шекпеген.
Келген жедел жәрдем қызметкерлері тоғыз жасар қызды аман алып қала алмаған.
Талқылау

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"