Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантин күшейтіледі: Қандай тыйымдар енгізілді?

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова "Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы" қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы карантин

1. Жаппай іс-шараларға тыйым. Соның ішінде үйде өткізуге тыйым салу. Алайда Ashyq нысандарында ұйымдастырылған, бірақ 30 адамнан тұратын ас беруге рұқсат етіледі.
2. Бетперде тағу режимі. COVID-19 үшін оң ПТР тесті бар адамдар мен онымен байланысқа түскендердің өзін-өзі оқшаулауы;
3. 15 қаңтардан бастап  спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес орталықтарға, йога-орталықтарға, моншаларға, бассейндерге, сауналарға Ashyq-та тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға кіруге рұқсат;
4. Концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың, түнгі клубтардың, ұжымдық діни іс-шаралардың қызметіне, соның ішінде жұма намаз, конференциялар, семинарлар және жеке кездесулер өткізуге тыйым салу (екпе алған 10 адамға дейін рұқсат), қоғамдық тамақтану нысандарында бар үстелшесіне қызмет көрсетуге тыйым салу;
5. Кинотеатрлардың толымдылығы 30%-дан артық емес, қоғамдық тамақтану нысандарында бір үстел басында 4 адамнан артық емес;
6. Қызметкерлердің вакцина алғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың және т. б. қызметкерлерінің кемінде 70%-ын қашықтықтан жұмысқа ауыстыру;
7. Мектептерді қашықтықтан жұмыс форматына көшіру;
8. ЖОО мен колледждерді аралас жұмыс режиміне көшіру: дәрістер –  онлайн, практикалық сабақтар – оффлайн;
9. Медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды Pfizer-ден Comirnaty препаратымен вакциналауға рұқсат ету.

Талқылау