Алматыда ер адам кішкентай баланы аямай теуіп жіберді (видео)

Фото: Видеодан скрин
Алматының Алатау ауданында ер адамның балалар алаңында ойнап жүрген баланы бар күшімен теуіп жіберген. Ер адамның бұл әрекеті ауладағы бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Каспий” тұрғын үй кешенінің алдында балалар өзара келіспей қалған. Мұны көрген ер адам шамамен 6-7 жасар баланы аямай теуіп жіберді. Бар күшін салғаны соншалық өзі де шалынып құлап қалды. Одан қалды, әйелі баланың құлағынан тартып, сөгіп, оның әжесімен жанжалдасқан.
“Анасының айтуынша, кешке қарай баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Тұра алмай, жатып қалған”, – деп жазды Тhreads желісінің қолданушысы.
Сондай-ақ учаскелік полиция кінәлі отбасы баланың емінің ақшасын төлесе, келісуге болатынын айтқан.
Баланың ата-анасы әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің жазасын алуын талап етіп отыр.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"