Алматы әуежайында болған кептелістің себебі айтылды
Халықаралық Алматы әуежайы өз аумағындағы таңертеңгі кептелісті түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz.

«Бүгін таңертең Алматы халықаралық әуежайына кіру және шығу кезінде болған жағдайға байланысты түсіндіреміз: таңертеңгі сағат 6-да тосқауылда кедергілер болды, бір жағынан, Меккеден келушілер көп болғандықтан әуежайда күтіп алушы адам көп адам болды. Сонымен қатар, кейбір жүргізушілер тосқауылға дейін тұрақ үшін ақы төлемегендерін есіне алды. Көліктерді сол жерге тастап, төлем терминалына барды. Бұл жағдай кептеліс тудырды», - делінген әуежайдың Facebook парақшасында.
Әуежай қызметкерлерінің тез арада, бір сағаттың ішінде мәселені шешкенін айтты.
«Кептеліс» бейнесі kris_p_almaty тобында көпшілік назарына ұсынылды .
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты