Алматыда алаяқтар жалған туристік жолдаманы 7 млн теңгеге сатып жіберген
Алматы тұрғыны жалған туристік жолдамаларды жеті миллион теңгеге сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың қазан айында әйел туристік компанияның директорына билет сатып алу үшін жүгінген. Алайда ол жерде келіншекке бұрын жасалған жалған электронды билет чектерін бергені белгілі болған.
"Сотталушы алдау және сеніміне кіру арқылы жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллион теңгені құрайтын ірі мөлшерде материалдық шығын келтірді. Сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындады", - деп хабарлады Медеу аудандық екінші соты.
Сот іс материалдарын зерттегеннен кейін әйелді алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танып, қауіпсіздігі орташа мекемесінде үш жылға соттады. Үкім заңды күшіне енді.
Сот процесі WhatsApp пен Zoom қосымшаларын онлайн режимінде қолданғаны атап өтілді.
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан
"Піштіремін деп қорқытты": Ақтөбеде университеттің экс-оқытушысы малшыны соққыға жықты деген күдікке ілінді
Бахилин бала күнінен әркімнің малын бағып келеді