Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шенеуніктер жалған құрылыс лицензияларын сатқан

Видеодан скриншот

Алматыда "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне қасақана жалған ақпарат енгізу арқылы құрылыс лицензияларын заңсыз алу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген адамдар тобы анықталды.

Алматы қала құрылысын бақылау департаментінің қызметкерлерімен сөз байласып әрекет еткен схемаға қатысқандардың қызметі тоқтатылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдан бастап олар бақыланатын компаниялар арқылы жүйеге өндірістік базалардың, мамандандырылған жабдықтардың және білікті инженерлік-техникалық жұмысшылардың болуы туралы жалған ақпарат енгізіп келген. Шын мәнінде, бұл талаптар орындалмаған.

Нәтижесінде 400-ден астам заңды тұлға белгіленген біліктілік стандарттарын айналып өтіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында I санаттағы лицензиялар алған.

Тінту кезінде тергеуге қатысты құжаттар мен заттар тәркіленді.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұйымдастырушылар мұндай "қызметтерді" ұйымдастырғаны үшін 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін сыйақы алған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 28 Наурыз, 2026 14:36