Алматы тұрғыны Шымбұлақ маңында қар барысын видеоға түсіріп алған
Әлеуметтік желіде қар барысының видеосы тарады. Автордың сөзінше, сирек кездесетін жануарды ол Шымбұлақтан қайтар жолда кездестірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторы Шымбұлақтан қайтып келе жатқанында барысты кездестіргенін айтады. "Қызыл кітапқа" енген жануар қарама-қарсы бағытпен жүріп, қараңғыда ғайып болады.
Жазба астында пікір қалдырғандар автордың жолы болғанын жарыса жазды.
"Уау, бұл ғажап қой!", "Мен де 8 жыл бұрын Шымбұлақтан қайтқанда қар барысын кездестіргенмін. Оны өз көзіңмен – көру нағыз сәттілік", – деп пікір қалдырды олар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі