Алматы облысында жанармай тапшылығынан автобустар қатынауын тоқтатқан: Тұрғындар қалаға жете алмай қалған
Алматы облысындағы Қараой ауылдық округіне автобустар қатынауды тоқтатты. Қоғамдық көлік 15 тамыздан бастап жүрмей қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме беріп.
Алматы облысының тұрғыны
Әкімдік жергілікті компанияның тасымалдаумен айналысудан бас тартқанын айтты. Малахит пен Дорожник саяжайының тұрғындары күніне бірнеше сағат бойы қалаға жету үшін автобус күтуге мәжбүр.
"Ауданымызда 20 саяжай және 3 ауыл бар, қалаға қалай жетеміз? Халықтың 80 пайызы мегаполисте жұмыс істейді. Күнделікті тек жолға қыруар қаржы жұмсау керек", – дейді Қараой ауылдық округінің тұрғыны Нәзира Жексенбаева.
Әкімдікте барлық келеңсіздіктер дизельдік отынның жетіспеушілігінен туындап отырғанын айтты. Сонымен қатар, автобустар осы аптада желіге шығуы керек еді. Бірақ тасымалдаушы өз міндеттемелерін орындаудан бас тартыпты.
"Олар жұмыстарын тоқтатты. Тендерде жеңіп шыққан кезде талаптарды орындауға міндеттенді, бірақ бұл міндеттемені орындай алмай келеді. Мен оларға бірнеше рет хабарластым. Аудан, облыс арқылы хат жаздым", – деді облыс әкімі Айдос Тәженов. Қараой ауылдық округі.
Адамдарды тасымалдайтын автобустар тоқтап тұр. Ауыл тұрғындары жол ақысы 240 емес, қаладағыдай 80 теңгеден шығуы үшін жергілікті шенеуніктерден "Оңай" жол картасын енгізуді талап етуде.