Алматы облысында тау болып үйілген жануарлар қалдығы табылды (видео)
Белсенділер мен депутаттар Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылында орналасқан балық ұнын өндіретін зауыт аумағынан үйілген жануарлар қалдығын тапты. Ірі қараның сүйектері, терісі мен қалдықтары арнайы қоршаумен қоршалмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белсенділер мұның қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін қауіпті екенін айтады. Тексеріс кезінде зауыттан өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Кәсіпорында жуып-шаятын қазандық жұмыс істеп тұрған, алайда ол арнайы септикпен қамтамасыз етілмеген әрі рұқсаты да болмаған.
Цех жұмысшылары кәсіпорын аумағында қорғаныш костюмі, қолғап және бетперде кимеген. Мәселені Талғар аудандық әкімдігінің қызметкерлері өз бақылауына алды.
"Заң бұзушылықты жою үшін бір апта мерзім берілді. Келесі аптада Алматы облысы Экология департаментінің қызметкерлері зауытта сараптама жүргізеді. Кәсіпорынға айыппұл салынады, қазір Талғар аудандық ветеринарлық станциясына біздің тарапымыздан хат жіберіледі", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді