Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тағы да ағаштар кесіліп жатыр: Әкімдік түсіндірді

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Шелек ауылындағы тоғайды кесіп, орнына стадион салғысы келгені туралы ақпарат пайда болды. Әкімдік бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эко белсенді Салтанат Ташимова өзінің Facebook парақшасында пост жариялады.

"Олар тағы кесіп жатыр! Пайдасыз стадион үшін Шелектегі жалғыз тоғай кесілмек. Тоғайда 400-ге жуық тарихи ағаш бар. Олардың біреуі де авариялық жағдайда емес! Айуандықты тоқтат!" - деп жазды эко белсенді. 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мән-жайды түсіндіріп берді.

"Шелек ауылындағы тоғайдағы 400 ағашты кесудің басталуы туралы ақпаратқа қатысты, сіздерге бүгінгі күнге дейін Шелек ауылының тоғайында бірде-бір ағаштың кесілмегендігін хабарлаймын. Тоғайда стадион бар. 3,40 га", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Талқылау