Алматы облысында жүкті әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті
Алматыда екі жасар қызын ерткен әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат Facebook-те пайда болды.
Сания Тусеева қызын ертіп, 9 сәуірде сағат 14: 00-де тамақтану үшін үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сания Тусеева 1995 жылы 14 қаңтарда өмірге келген.
"Алматы мен Алматы облысы тұрғындарынан іздеуге ат салысуды сұраймыз", - деп жазды қоғамдық қауіпсіздік кеңесі желіде.
Әйелдің өзімен бірге 2019 жылы туған Тусеева Самира есімді қызы бар. Санияның жолдасы Сарханның айтуынша, әйелі жүкті. Тіпті, екі-үш аптадан соң босанатын мерзімі жақындап қалған.
Қандай да бір ақпарат білгендер болса, +7 702 852 80 00, +7 707 252 61 00 нөмірлеріне қоңырау шала алады.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған