Алматы облысында әскери ұшақ апатқа ұшырай жаздады
ҚР қорғаныс министрлігінің ұшағы Алматы облысына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.
«Алдыңғы шассиі ашылмай қалған әскери ұшақ Жетіген аэродромына қонды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша әуежайға жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылар аттанды. Құдай қолдап, олардың көмегі қажет болған жоқ. Ұшақ жер бауырлап барып қонды. Ұшақ жерге қонғанға дейін ұшу-қону алаңына көбік төгілген болатын. Қазіргі уақытта жолаушылар мен ұшақтың экипажы эвакуациялануда», - деді Ғалымұрат Жүкел.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін