Алматы марафонында қырғыз қызы бірінші келіп, жарыстан шеттетілді
Қырғызстандық спортшы Айнуска Қалилқызы Қазақстанда өткен халықаралық жарыста бірінші орыннан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sport АКИpress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Sport АКИpress
29 қыркүйек күні таңертең Алматы марафонының кезекті жарысы өтті. Қалилқызы 21,1 шақырым қашықтыққа жүгіріп, 1 сағат 14 минут 27 секунд нәтижемен мәреге бірінші келді.
Алайда мәреден кейін қырғызстандық қыздың есімі қорытынды хаттамадан көрінбей қалған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Қалилқызы велосипедшінің қолынан су алғаны үшін жарыстан шеттетілген.
Ережеге сәйкес, су мен тағамды тек арнайы тамақтану орындарында алуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Марафонда жүлделі орынға ие болған 72 жастағы қарияның биі желіде талқыға түскен еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"